Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
464.53 543.73 6.15

Абай облысы Үржар ауданының Полиция қызметкерлерімен кездесу өткізілді

22-04-2025, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаментінің ауданаралық бөлім қызметкерлері Үржар аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлерімен арнайы кездесу өткізіп, түсіндірме дәрісін ұйымдастырды. Іс-шара барысында спикерлер «Заң мен Тәртіп» қағидатының құқық қорғау органдарының күнделікті қызметіндегі басты бағдары екендігін ерекше атап өтті.

Кездесу барысында соңғы заңнамалық өзгерістер мен Полиция қызметіндегі этика талаптарына қатысты жаңартулар таныстырылып, жемқорлық тәуекелдерін азайту шаралары жан-жақты пысықталды.

Сонымен қатар, шарада адалдық пен парасаттылық қағидаттары, қоғам алдындағы жауапкершілік және Полиция қызметкерлерінің жоғары этикалық стандарттарды сақтау маңызы сөз болды. Әрбір қызметкердің жемқорлықты болдырмау бағытындағы жеке рөліне тоқталып, заңды бұзғандардың қатаң жауапкершілікке тартылатыны ескертілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив