Мақаншы ауданында орталық Азиядағы ең ірі ДАТА орталығы ашылуы мүмкін
Абай облысының әкімі Берік Уәли шет елдік инвесторлармен кездесті.
Қытайдың «Zhongcai Financial Holdings Investment Co» инвестициялық компаниясы өкілдері аймақ басшысына жобаларын таныстырды.
Олар Мақаншы ауданындағы Бақты ауылы маңында бірнеше ірі жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Соның бірі - халықаралық логистикалық парк. Мұнда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін, ауыр жүк көліктерін құрастыратын және ұшқышсыз ұшу аппараттарын жасайтын әрі сақтайтын өндіріс орындары орналасатын болады. 2025-2027 жылдар аралығын қамтитын, үш кезеңнен тұратын жобаның жалпы құны 1 миллиард АҚШ долларын құрайды. Кездесуде қытайлық тараптан орталық Азиядағы ең ірі ДАТА орталығын ашу жөнінде ұсыныс айтылды. «Аягөз-Тэчен» темір жол жобасы жүзеге асқан уақытта жоғарыда аталған инвнстициялық жобалар облыс экономикасының артуына елеулі үлес қосатын болады.
Облыс әкімі инвесторлар ұсынған жобалардың барлығы өңір экономикасы үшін маңызды екенін атап өтті.