«Serjan Bratan» еліміздегі үздік веб-сериал атанды
«Nauryz» ұлттық сериалдар бәйгесінің қорытындысы шықты.
Бәйге Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен алғаш рет өткізіліп отыр.
Оған Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің міндетін атқарушы Дархан Қыдырәлі, Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы Асхат Оралов, медиа менеджерлер, сондай-ақ, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Түркиядан келген мамандар қатысты.
Өз сөзінде Дархан Қыдырәлі:
«Наурыз – жаңару мен жасарудың, гүлденудің символы. Дәстүрлі жыл басында өткізіліп отырған бұл байқау отандық сериалдардың жаңа сатыға көтерілуіне сеп болады деп сенеміз.
Өздеріңізге мәлім, соңғы жылдары елімізде креативті индустрия, сериалдар өндірісі өркендеп келеді. Мемлекет басшысы да осы саланың дамуына айырықша екпін берді", - деді.
Бәйгенің қорытындысы былай болды:
Үздік тарихи сериал:
«Міржақып. Оян,Қазақ!». «Qazaqstan» ұлттық арнасы
Үздік драмалық сериал:
«Ақжауын». «Qazaqstan» ұлттық арнасы
Үздік комедиялық сериал:
«Келінжан». «Хабар» телеарнасы
Үздік веб-сериал:
«Serjan Bratan». Salem Social Media
Үздік актер:
Дулыға Ақмолда. «Serjan Bratan» сериалы
Үздік актриса:
Жанель Сергазина. «Няня» сериалы
Екінші пландағы үздік актер:
Рүстем Жаныаманов. «Келінжан» сериалы
Екінші пландағы үздік актриса:
Камалия Байтелеуова. «Ақ пен қара» сериалы
Үздік режиссер:
Ерлан Нурмухамбетов. «Қаныш.Қазына». «Qazaqstan» ұлттық арнасы
Үздік сценарист:
Бекзат Мырзахметова. «Mystan». Salem Social Media
Үздік қоюшы – оператор:
Бағдат Арғынов. «SHEKER», «Serjan bratan», «5:32».Salem Social Media
Үздік монтаж:
Рахимжан Яхьяров. «Ақ пен қара». «Хабар» телеарнасы
Үздік саундтрек:
«Sheker». Salem Social Media
Қазылар алқасының шешімімен Наурыз ұлттық байқауының Арнайы сыйлығы - Шет елге сатылған үздік коммерциялық «Патруль» сериалына беріледі.
Екінші Арнайы сыйлық бірінші отандық «Перекресток» сериалына берілді.
Жеңімпаздар отандық телесериалдар өндіру саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін «Nauryz» мүсіншесінің және 1 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйақының иегері атанды.