Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
515.03 584.82 6.24

Облыс әкімі Шолпан ауылының өзекті мәселелерімен танысты

Бүгін, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімі Берік Уәли ауданға жұмыс сапары барысында Шолпан ауылындағы мектеп пен дәрігерлік амбулаторияны аралап, мәселелерімен танысты.

Елді мекендегі Жүзағаш орта мектеп-бақшасы 1990 жылы салынған. Бүгінде мұнда 178 оқушы білім алады, 33 педагог еңбек етеді.

2022 жылы білім мекемесінің шатыры ағымдағы жөндеуден өткен. Жылу жүйесіне арналған қазандықтар ауыстырылып, өртке қарсы дабыл қондырғылары орнатылған.

Мектепте бірқатар мәселелер бар. Екі спорт залының едені тозған. Жаңартуды қажет етеді. Бұл бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Сондай-ақ, мектеп ғимаратында кәріз жүйесі қарастырылмаған. Мектеп 2020 жылы күрделі жөндеуден өткенімен, бұл мәселе толық шешімін таппаған. Білім ордасында ағылшын тілі пәні мұғалімі жетіспейді.

Аймақ басшысы мектептегі мұғалім тапшылығын облыс әкімінің гранты арқылы шешуге болатынын айтып, Білім басқармасына тиісті ұсыныс әзірлеуді тапсырды.

Облыс әкімі ауылдағы дәрігерлік амбулаторияда болды. Медициналық мекеме ауыл әкімдігі берген ескі ғимаратта орналасқан. Амбулаторияда 12 адам еңбек етеді. Күніне 20 адамға дейін қабылдайды. Мекемеге 1268 тұрғын тіркелген. 1973 жылы салынған ғимаратта соңғы 15 жылда жөндеу жүргізілмеген. Амбулаторияның өз ғимараты жоқ болғандықтан жаңа медициналық нысан салу қажеттігі туындап отыр. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Аймақ басшысы Шолпан ауылындағы мәселелер кезең кезеңімен шешілетінін атап өтті.

«Елді мекендегі мәселелерді жақсы білемін. «Қазақстан халқына» қоры облыстағы 30-дан астам шағын жинақты мектепті толық жаңғыртуға көмектесеміз деп отыр. Осы жобаға Шолпан ауылындағы мектепті де енгізейік. Ал спорт залы мен кәріз жүйесіне қатысты проблемаларды шешу жолдарын қарастырайық»,- деді облыс әкімі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив