Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
515.03 584.82 6.24

Өңір басшысы Қарақол су қоймасының жәй-күйімен танысты

Бүгін, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімі Берік Уәли ауданға жұмыс сапары барысында Қарақол су қоймасына барды.

Таскескен ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан су қоймасының құрылысы 1986 жылы басталып, кейін аяқсыз қалған.

Су қоймасының сыйымдылығы - шамамен 55 миллион текше метр. Нысан іске қосылған жағдайда аудандағы суармалы жерлер көлемі 6 жарым мың гектарға дейін ұлғаятын болады.

Қазіргі уақытта Қаракөл су қоймасының құрылысын қайта жаңғырту үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі жобалық-сметалық құжаттама дайындап жатыр. Нысан құрылысын толық аяқтау үшін шамамен 8-10 млрд теңге көлемінде қаражат қажет.

Облыс әкімі су қоймасының өңір үшін маңызды екенін атап өтті.

«Қарақол су қоймасы Үржар ауданы ғана емес, бүкіл облыс үшін стратегиялық маңызы бар инфрақұрылым. Қазіргі уақытта өңірде суармалы жерлер тапшы. Егер бұл нысан толық іске қосылса, ауыл шаруашылығы саласына серпін береді. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Су қоймаларын салу жөнінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Жақында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовпен осы мәселені талқыладым. Біздің облыста 6 су қоймасы салынады. Оның ішінде Қарақол су қоймасы да бар»,- деді аймақ басшысы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив