Үржар ауданында жылына 50-70 тонна балық пен 3,5 тонна қаз еті өндірілмек
Облыс әкімі Берік Уәли ауданға жұмыс сапары барысында Шолпан ауылындағы «Береке» шаруа қожалығының жұмысымен танысты.
Жеке кәсіпкер Бекзат Баймұхаметұлы басқаратын шаруа қожалығы тауарлы балық және құс шаруашылығын дамытуды қолға алды. Жобаның жалпы құны – 55 миллион теңге. Қаржыландыру кәсіпкердің жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатыр.
2024–2026 жылдар аралығында іске асатын жоба аясында жылына 50-70 тонна көлемінде тауарлы балық және 3,5 тоннаға дейін қаз еті өндірілмек. Қожалықта негізінен ақ амур мен тұқы балығы өсіріледі.
Қазіргі таңда 2 гектар аумаққа тоған салынып, 20 мың дана шабақ жіберілген. Жоба шеңберінде қонақүй салынған. Бүгінде үй құстарына арналған қораның құрылысы жүргізіліп жатыр. Жобаға 16 гектар жер бөлінген. Ал өндірістік нысанда 5 адам жұмыспен қамтылатын болады. Жалпы Үржар ауданында осы іспеттес 3 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.
Кәсіпкер жобаны толық іске қосу үшін екі бағытта мемлекеттік қолдауға мұқтаж екенін жеткізді. Облыс әкіміне өндірістік аймаққа электр жарығын тартуға, «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алуға көмек көрсетуді сұрады.
Аймақ басшысы жобаның маңызын атап өтіп, кәсіпкерге мемлекеттік бағдарламалар аясында көмек көрсетілетін айтты.