Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
512.32 582.92 6.29

Семейде жол-көлік оқиғаларының саны көбейген

Бүгін, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Апатты оқиғалардың алдын алу мақсатында 19 сәуір мен 19 мамыр аралығында Семей қаласында республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл туралы Семей қаласының полиция басқармасының басшылығы мәлімдеді.

Ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында жол-көлік оқиғаларының саны өткен жылмен салыстырғанда жиілеген. 

- ⁠Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 96 жол апаты тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 148-ге жетіп отыр. Апат салдарынан 2 адам қаза тауып, 215 адам түрлі дене жарақатын алған. Жолдағы қауіпсіздікке бейжай қарауға болмайды. Әсіресе балалардың қатысуымен болатын оқиғалар ересектердің жауапкершілігін талап етеді, – деп атап өтті қалалық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қайрат Әбдіғалиев.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, тек қана «Қауіпсіз жол» іс-шарасы аясында, яғни он күн ішінде Семейде 500-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі тіркелген.

- Рейдтік шаралардың нәтижесінде 12 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны анықталды. Сонымен қатар, жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан рөлге отырған 11 адам ұсталды. Көлікті рұқсатсыз қайта жабдықтаудың 18 дерегі және жаяу жүргіншілерге жол бермеудің 39 фактісі тіркелді, – деді әкімшілік полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Ермек Қанапиянов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив