Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
516.16 584.86 6.25

Көкпектінің егіс алқабында заманауи техникалар қолданылады

Бүгін, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімі Берік Уәли жұмыс сапарымен Көкпекті ауданына келді.

Аймақ басшысы жұмыс сапары аясында ауыл шаруашылығы саласындағы бірқатар нысандарды аралап, егіс науқанына дайындық барысымен танысты.

Көкпекті ауылындағы 2014 жылы құрылған «Элита» шаруа қожалығы егін шаруашылығымен шұғылданады. 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Мұндағы ауыл шаруашылық алқаптарының жалпы ауданы 6 мың гектарға жуықтайды. Оның 5 657,3 гектары - егістік. Жылына 10 мың тоннадан астам бидай мен күнбағыс өндіріледі. Шаруашылықтың техника паркі жыл сайын жаңа заманауи техникалармен жаңартылып келеді. Кәсіпорында астық сақтайтын ангар мен өнімді өңдеуге арналған қажетті жабдықтар да бар.

Шаруа қожалығының басшысы Виктор Виничук облыс әкімін шаруашылық қызметімен, дән сақтайтын қоймаларымен таныстырып, егіс науқанына дайын екендерін жеткізді.

Облыс әкімі Қарамойыл ауылындағы «Талап» шаруа қожалығының егіс алқабында да болды. 1997 жылдан бері жұмыс істейтін шаруашылықтың негізгі бағыты – егін және мал шаруашылығы.

Шаруашылық биыл 7674 гектарға күнбағыс, арпа, бидай, сұлы және көпжылдық шөп егуді жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда мұнда 50-ге жуық адам еңбек етеді. 151 ауыл шаруашылық техникасы бар. Қожалықта мал басын көбейту және өнім сапасын арттыру бағытында да бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.

Көкпекті ауданында биыл 95,1 мың гектар алқапқа дән себіледі. Егіс жұмыстары мамыр айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

«Көкпекті - өңіріміздегі жері шұрайлы, егін шаруашылығы жақсы дамыған аудандардың бірі. Өңір шаруашылықтары астық түсімін арттыру үшін жаңа, заманауи технологияларды енгізуде. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру керек. Екі шаруа қожалығына облыс әкімдігі тарапынан барлық қолдауды көрсетеміз»,- деді облыс әкімі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив