Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Семейде әскери шеруді тамашалауға 500-ге жуық адам жиналды

7-05-2025, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Қазір Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери парад өтуде.
Семейліктер әскери шеруді тамашалау үшін облыс орталығындағы Арбатқа келді.

Ардагерлер, облыстық мәслихат депутаттары, саяси партиялар, азаматтық қоғам өкілдері мен жастар, жалпы саны 500-ге жуық адам алаңқайға қойылған LED-экранның алдына жиналды.

Айта кетейік, Елордадағы Әскери парадқа Абай облысынан 16 адамнан құралған делегация қатысуда. Оның ішінде тыл және еңбек ардагерлері бар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив