Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
516.01 582.47 6.26

Семейде жаңа саябақтар салынады

Бүгін, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласының Қарағайлы және Юность ықшам аудандарында саябақтар салынады. Облыс әкімі Берік Уәли бүгін жаңадан бой көтеретін нысандардың жобасымен танысты.

«Юность» шағын ауданындағы саябақта кіші сәулет нысандарын орнату, футбол, баскетбол, балаларға арналған ойын алаңдарын салу жоспарланған. Демалыс орнының жалпы ұзындығы 1 шақырымды құрайды.

Қарағайлы шағын ауданында салынатын саябақта жасыл желек отырғызылып, серуен жолдары, сахна және мәдени-көпшілік іс-шараларға арналған алаңдар бой көтеретін болады.

Саябақ заманауи талаптарға сай жабдықталып, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Облыс әкімі мердігер компания өкілдеріне құрылысты бастап, сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды.

«Бұл саябақтардың ерекшелігі, халыққа қызмет көрсетететін, тұрғындардың демалуына, балалардың алаңсыз ойнауына мүмкіндік беретін қоғамдық орындар қарастырылған. Семейді жасыл желекті қалаға айналдыру үшін шаһардағы саябақтар санын көбейтуіміз керек. Тек қана бүгінгі сенбілік барысында шаһарда 400-ге жуық шырша, көк терек көшеттері отырғызылды. Бұл бағыттағы жұмысты жандандырамыз. Облыс орталығындағы басқа саябақтарды да жаңғыртып, жаңартатын боламыз»,- – деді аймақ басшысы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив