Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
509.51 570.6 6.3

Абай облысында әуе тасымалы қарқынды дамиды

Бүгін, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында көлік инфрақұрылымын дамытуға, соның ішінде әуе тасымалын жандандыруға ерекше көңіл бөлінуде. Облыс әкімінің айтуынша, бұл бағыттағы нақты қадамдар халықтың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасап қана қоймай, өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға да сеп болады.

Жуырда Семей қаласынан Қарағанды және Қытайдың Үрімжі қалаларына тікелей әуе рейстері ашылады. Бұл – Абай облысы мен еліміздің басқа өңірлері, сондай-ақ халықаралық бағыттағы көлік байланысын нығайтудың маңызды қадамы.

Әкімдік мәліметінше, қазіргі уақытта әуе рейстерінің санын арттыру, жаңа бағыттар ашу жұмыстары жүргізілуде. Таяу уақытта тағы да бірнеше жаңа бағыт бойынша тікелей рейстер ашылады деп күтілуде. Олардың қатарында Астана, Алматы, Шымкент қалаларымен қатар, шетелдік қалалар да болуы мүмкін.

«Семей әуежайының инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жаңғыртылып жатыр. Болашақта бұл әуежай өңірлік хабқа айналып, халықаралық рейстерді тұрақты түрде қабылдайтын деңгейге жетеді», – деді облыс басшысы.

Бұл бастамалар Абай облысының көлік қатынасын жақсартып, туризм мен бизнес бағытындағы байланыстарды күшейтуге тың серпін береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив