Әкімдік отырысы: қала тазалығына бақылау күшейді
Семей әкімдігінде өткен кеңейтілген аппарат жиынында қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев коммуналдық қызметтердің жұмысын күшейту қажеттігін атап өтті. Жиынға бөлім басшылары мен мердігер мекемелердің өкілдері қатысты.
Кездесуде қатты жел салдарынан болған зақымдарды жою, сынған ағаштар мен қоқысты жедел шығару, сондай-ақ қала тазалығын жақсарту мәселелері талқыланды.
«Қатты жел кезінде ағаштар құлап, жол белгілері мен бірқатар нысандар бүлінді. Бұл – тек материалдық шығын ғана емес, тұрғындардың қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін жайт. Сондықтан барлық жауапты қызметтер шұғыл әрі үйлесімді әрекет етуі қажет», – деді Бекжан Бапышев.
Қазір қала аумағындағы рұқсат етілмеген қоқыс орындарын тазарту жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай мердігер мекемелерге жұмыс қарқынын арттыру тапсырылды. Ал қала әкімінің инспекторларына тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоқысты тек белгіленген орындарға тастау қажеттігін жеткізу міндеттелді.
Тағыда оқыңыз
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзі