Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
511.59 575.28 6.33

Шағжан Исабаев - «Құрмет» орденінің иегері

Бүгін, 16:41 Сәтжан Қасымжанұлы

Мәдениет және өнер саласында көп жылдар еңбек еткен кәсіби білікті, еңбегіне адал бір топ азаматтар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында лайықты марапатқа ие болды. Солардың қатарында ширек ғасыр бойы Абай ауданы, Бөрілі ауылындағы М. Әуезов музей үйіне басшылық етіп келе жатқан жерлесіміз Шағжан Исабаев та бар.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы» РМҚК Бөрілі ауылының Мұхтар Әуезовтің музей-үйінің меңгерушісі Исабаев Шағжан Бекенұлы «Құрмет» орденімен наградталды»,- делінген ресми ақпаратта.

Шағжан Бекенұлы ширек ғасырдан бері жазушының музей үйіне басшылық етіп келеді. Әуезов өміріне, шығармашылығына ғана емес, жалпы «Ұлылар елі» атанған Шыңғыстау топырағына қатысты көптеген тарихи атаулардың мән-маңызын теңрең түсініп, шешен тілімен жетік жеткізе білетін манан екендігімен де есімі елге белгілі. 

Облыс әкімі Берік Уәли Абай ауданына барған сапарында Бөрілідегі Әуезов музейіне арнайы ат басын бұрғанда да Шағжан Бекенұлы өлке тарихын, жалпы Абай өміріне, тағдырына қатысты тарихи мысалдарды таспалап жұрт назарын аударған болатын.

Ең бастысы, Мемлекет басшысының қатысуымен және арнайы тапсыруымен берілген «Құрмет» ордені өз иесін лайықты түрде тапқандығын мойындаған жөн.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив