Мақаншы ауданында жаңа жанармай құю станциясы ашылды
Мақаншы ауданының Қабанбай ауылының жанында «Qazaq Oil» жанармай құю станциясы ашылды. Бұл Алакөлге баратын туристер мен жергілікті тұрғындар үшін ерекше қуанышты жаңалық болды. Өйткені бұған дейін олар жанармай құю үшін Аягөз бен Үржар аудандарына баратын.
«Qazaq Oil» компаниясы өкілдерінің айтуынша, бұл Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарындағы ең ірі әрі келушілерге барлық жағдай жасалған станциялардың бірі. Мұнда тәулік бойы қызмет көрсететін «Dala Market» дүкені, кофе, тамақ ішуге арналған шағын демалыс аймағы жұмыс істейді. Жүк көліктерімен жүретін жүргізушілерге жуынатын орын да қарастырылған.
Жанармай сақтау қуаты тәулігіне 150 тоннаға дейін жететін арнайы резервуарлармен жабдықталған. Бұл – туристік маусым кезінде жанармай тапшылығының алдын алуға мүмкіндік береді.
Ерекше атап өтерлігі, жанармай құю станциясы Алакөлден 7 шақырым жерде орналасқан. Бұл туристер үшін де, жергілікті тұрғындар үшін де өте тиімді.