«Елімай» шаруа қожалығы Абай облысының дамуына үлес қосуға дайын

Қадірлі жерлестер!
Облыс әкімі Берік Уәлиұлының «Туған жерге туыңды тік» атты бастамасы – елдік пен ерлікке бастайтын, жүректе ұлтқа деген шынайы сүйіспеншілік оятатын тағылымы терең шара. Форум қарсаңындағы Үндеуді ерекше ықыласпен оқып, туған топыраққа деген жауапкершілікті әр кәсіпкер жүрекпен сезінетініне тағы да көз жеткіздік.
Біздің елдің болашағы – әр азаматтың туған жеріне деген жанашырлығы мен нақты істерге баруы арқылы қалыптасады. Мемлекет басшысының бастамаларын, сондай-ақ Абай облысын дамыту бағытындағы жоспарларды толық қолдаймыз. Әсіресе, әлеуметтік нысандардың, жаңа ықшамаудандар мен мәдениет ошақтарының бой көтеруі – болашаққа салынған сенімді көпір деп білеміз.
Кәсіпкер ретінде туған өңірдің өркендеуіне өз үлесімді қосу – мен үшін мәртебе әрі парыз. Осыған орай, алдағы форум аясында өңірлік инвестициялық жобаларды қарастыруға, нақты ұсыныстармен қатысуға дайын екенімді білдіремін.
Елдің ертеңі – біз жасаған бүгінгі істерге байланысты. Ендеше, туған жерге туымызды тігіп, Абай елінің абыройын асқақтатуға бірге атсалысайық!
Болат Бекбердинов, Көкпекті ауданы «Елімай» ШҚ басшысы