Қарулы Күштердің әскери қызметшілеріне арналған жаңа төсбелгілер бекітіледі
Қорғаныс министрлігі қорғаныс ведомствосы басшысының «Дербестендірілген белгілердің, төс белгілердің және өзге де әскери-геральдикалық белгілердің, әскери оқу орындарын бітіргені туралы, сыныпты мамандарға арналған белгілердің, әскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорттық іс-шаралардың жүлдегерлеріне арналған наградалық медальдардың (белгілердің) сипаттамасын, сондай-ақ оларды беру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің тағып жүру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 461 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасын әзірледі.
Бұл құжаттың жаңартылған редакциясында «Үздік спортшы-жауынгер», I және ІІ дәрежелі «Спортшы-жауынгер», Әуе қорғанысы күштерінің жердегі авиациялық мамандарының сыныптық біліктілік төсбелгілері және басқа да жаңа төсбелгілер енгізілді.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 17 сәуіріне дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14473460 сілтеме бойынша танысуға болады.