Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Әлихан Смайылов жанар-жағармай бағасының көтерілуінің инфляцияға әсері туралы пікір білдірді

5-04-2023, 09:35 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов сейсенбі, 4 сәуірде, Үкімет үйінде БАҚ алдында жасаған мәлімдемесінің қорытындысы бойынша жанар-жағармай материалдары бағасының өсуінің инфляциялық процестерге әсері туралы сұраққа жауап берді.

«Шынымен де, жанар-жағармай бағасының өсуі инфляцияға белгілі бір деңгейде әсер етеді. Олардың тұтыну қоржынындағы үлесі: дизель отыны – 0,4%, АИ92 бензині – шамамен 2%. Осыны ескере отырып, биылғы баға өсуінің тікелей әсері инфляцияның 0,35 пайыздық тармағына бағаланады», — деді Премьер-Министр.

Сонымен бірге, Үкімет басшысының айтуынша, оның жанама әсері де болады, себебі жанар-жағармай материалдары отын өндірушілер шығындарының құрылымына кіреді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Үкіметтің алдына жыл соңына қарай инфляция деңгейін екі есе төмендету міндетін қойды. Сондықтан инфляциялық процестерді тежеу бойынша жүйелі түрде жедел шаралар қабылданып жатыр, деді Әлихан Смайылов.

«Наурыз айының қорытындысы бойынша біз инфляция қарқынының айтарлықтай баяулағанын көреміз. Егер ақпан айында жылдық инфляция 21,3% болса, наурыз айының қорытындысы бойынша – 18,1%. Бұл үрдіс одан әрі жалғасады. Біз инфляциялық қысымды төмендетуге бағытталған шаралар кешенін белсенді түрде іске асыратын боламыз», — деді Үкімет басшысы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив