Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
455.86 528.84 5.25

Сенаторлар әскери бөлімінің жағдайымен танысты

5-04-2023, 09:59 Думан Кенжеғазыұлы

Асқар Шәкіров бастаған Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Ұлттық ұланның елордадағы 5573 әскери бөлімінде болды.

Іс-шараның негізгі мақсаты Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің жауынгерлік даярлық деңгейімен, сондай-ақ әскери бөлімнің материалдық-техникалық жарақтандыру жағдайымен танысу болды.

Жиын барысында сенаторларға бригаданың қызметтік-жауынгерлік қызметінің мақсаты мен әскери бөлімнің атқаратын міндеттері туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, депутаттарға тұрмыстық жағдай, қоғамдық тәртіпті қорғаудағы әскери қызметке дайындық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қызметтік иттерді пайдалану тәртібі көрсетілді.

Жиын барысында көтерілген мәселелердің барлығы сенаторлардың назарында болады, сондай-ақ депутаттардың одан әрі заң шығару қызметінде пайдаланылады.

Суретті түсірген: Б. Серікбай

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив