Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.77 547.25 6.6

Мақаншыда қоғамдық кеңестердің әлеуетін арттыру бағытында кеңес отырысы өтті

11-06-2025, 16:10 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында «Қоғамдық кеңестер мен жергілікті өзін-өзі басқарудың әлеуетін арттыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру» жобасы аясында «Шығыс Жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Мақаншы ауданында қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Іс-шарада қоғамдық консультацияларды ұйымдастыру мен өткізудің тиімді тетіктері, сондай-ақ олардың маңызы мен қоғамға әсері жан-жақты талқыланды. Кеңес жұмысына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, азаматтық қоғам белсенділері және тұрғындар қатысты.

– Кездесудің негізгі мақсаты – қоғам мен билік арасындағы өзара байланысты нығайту, шешім қабылдау үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету және азаматтардың пікірін ескеру арқылы тиімді диалог орнату, – деп атап өтті «Шығыс Жастары» қоғамдық қорының атқарушы директоры Алиби Абдураимов.

Аталған бастама қоғамдық кеңестердің рөлін күшейтуге, жергілікті өзін-өзі басқарудың ашықтығын арттыруға және азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив