Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
455.86 528.84 5.25

Құралайды көзге атқан зияткерлер

5-04-2023, 11:36 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Самұрық» әскери-патриоттық клубының қыздары «Абай мергені» атанды. Бұрымды мергендеріміз бұл атақты Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған облыстық жарыста жеңіп алды.

- Облысымызға қарасты аудандар мен Семей, Курчатов қалаларынан командалар қатысқан пневматикалық винтовка ату жарысы жоғары деңгейде өтті. Мерген қыздар  10 метр қашықтықтан тұрып шынтақты тіреп ату, тұрып шынтақты тіремей ату және жатып ату сындарында бәсекеге түсті. Біздің мектеп намысын Раушан Русланқызы, Алина Мороз, Дильназ Касенова, Дана Серікқазы есімді шәкірттеріміз қорғады. Олар жарыстың 3 түрінен де командалық есепте топ жарды, - дейді мектебіміздің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы, запастағы майор Қуаныш Мұхамадиев.

Енді осы төрттік Ақтөбе қаласында өтетін республикалық жарыста Абай облысының намысын қорғайтын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив