Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Сенаторлар полицейлер жұмысының қызмет көрсету үлгісін бағалады

5-04-2023, 12:03 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары Астана қалалық полиция департаментінде болды.

Комитет төрағасы Андрей Лукин бұл кездесу полицияның қызмет көрсету үлгісі мен полицейлердің еңбек ахуалына байланысты мәселелерді талқылауға бағытталғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Қазақстандық полицияның сервистік моделі» қанатқақты жобасы жүзеге асуда. Қылмыстың алдын алу және болдырмау шараларынжүзеге асыруғабағытталғанбұл үлгі қауіпсіздік мәселелерін халықтың қатысуымен шешу жолдарын белгілеугебайланыстыболып отыр. Жұмыстың қызмет көрсету үлгісіполиция жұмысының сапасына оң әсер етеді және ішкі істер органдарын реформалау жөніндегіқойылған міндеттер аясындағымақсаттарға қол жеткізуге ықпал етеді деп санаймыз», - деді сенатор.

Ішкі істер министрлігінің өкілі полиция жұмысының қызмет көрсету үлгісі аясында жүзеге асып жатқан бірнеше бағдарлама туралы депутаттарға айтып берді. Дәмхана мен мейрамханаға келушілердің қауіпсіз және жайлы демалысын қамтамасыз ету жөніндегі нысан иелері қабылдаған шаралар туралы толық толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін ойын-сауық мекемелерінің қауіпсіздік рейтингі бағдарламасы парламентшілерге таныстырылды.

Сенаторлар қауіпсіз үй және арнайы QR-кодтар арқылы хабарламаларды қабылдау рәсімі сияқты жобалардың іске асу барысымен де танысты. Бұл ресімдер полицияға үйден шықпай-ақ өтініш беруге мүмкіндік береді.

Депутаттар кездесу барысында қазақстандық полицияны қызмет көрсету үлгісіне көшіру жөніндегі ұлттық стратегиясы азаматтардың ішкі істер органдарына деген сенімін нығайтатынын, қауіпсіз өмір сүру жағдайын жасайтынын, құқықтық тәртіпті және заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыратынын атап өтті.

Суретті түсірген: Б. Серікбай

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив