Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
525.28 607.85 6.47

Мақаншыда жастармен діни сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесу өтті

13-06-2025, 08:02 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы Дін істері басқармасының тапсырысы аясында «Шығыс жастары» қоғамдық қоры Мақаншы ауданында ақпараттық-түсіндіру кездесулерін ұйымдастырды.

Шараның басты мақсаты – жастардың діни сауаттылығын арттыру және деструктивті ағымдардың алдын алу. Кездесуге кәсіби теолог мамандар шақырылып, олар жастармен ашық сұхбат форматында әңгіме өрбітті.
Сарапшылар дәстүрлі құндылықтардың маңызын, дұрыс діни білім алудың жолдарын және радикалды идеологияның зиянын түсіндірді.

Жастар өздерін толғандырған сұрақтарды еркін қойып, мамандардан нақты әрі толыққанды жауап алды. Кездесу барысында белсенділік танытқан қатысушыларға арнайы ақпараттық материалдар да таратылды.

Осындай шаралар аймақтағы жастар арасында сауатты діни көзқарастың қалыптасуына және қоғамда тұрақтылықтың сақталуына оң ықпал етеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив