«Заң және тәртіп» – халыққа тегін құқықтық көмек
Семей қаласындағы сауда орталықтарының бірінде құқық қорғау органдары мен Абай облысы әкімдігі өкілдерінің қатысуымен «Заң және тәртіп» атты акция өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – халықты қолжетімді заң көмегімен қамтамасыз ету, мазалаған сұрақтарға түсініктеме беру. Кез келген азамат мамандарға жүгініп, құқық бұзушылықтар мен әкімшілік рәсімдерден бастап әлеуметтік қамсыздандыру мен тұрғын үй мәселелеріне дейін түрлі салалар бойынша кәсіби кеңес ала алды.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің превенция басқармасы басшысының орынбасары Саят Базановтың айтуынша, бұл іс-шара халық арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Акцияға келген тұрғындар мемлекеттік қызметтер алу, құқықтар мен міндеттерді сақтау, құқық қорғау органдарымен өзара әрекет ету механизмдері туралы сұрақтар қойды. Әр түрлі мекемелердің өкілдері толық әрі түсінікті жауаптар берді.
«Тәуелсіз зерттеулер орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жанар Қабидоллақызы азаматтардан келіп түскен өтініштердің кең ауқымына назар аударды:
Іс-шараға қатысушылар мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтті: олар билік пен қоғам арасындағы диалогты нығайтады, құқықтық өзара іс-қимыл мәдениетін қалыптастырады және халықтың ақпараттану деңгейін арттыруға ықпал етеді.