Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
512.44 593.15 6.52

Қазақстан Қытайдың ең ірі жасыл технологиялар банкімен әріптестік орнатты

Кеше, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (ХЖТИЖО) мен Шанхай ғылыми-техникалық алмасу орталығы Азиядағы жасыл технологиялар бойынша ірі платформалардың біріне - Green Technology Bank-пен тікелей қарым-қатынасқа жол ашатын ынтымақтастық туралы стратегиялық келісімге қол қойды.

Келісім Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми-техникалық диалогты нығайтудағы маңызды қадам болды және республика экономикасына озық экологиялық шешімдерді жедел енгізу үшін кең перспективалар ашты. Енді қазақстандық кәсіпорындар, зерттеу орталықтары мен стартаптар жаңартылатын энергетика, су ресурстары, қалдықтарды өңдеу, агроэкология және басқа да бағыттардағы инновацияларды қоса алғанда, Қытайдың деректер базасындағы әзірлемелерді пайдалана алады.

Қол жеткізілген келісімге сәйкес, Шанхай ғылыми-техникалық алмасу орталығы қазақстандық тарапты технологиялық дерекқорға және Green Technology Bank сараптамалық желісіне қолжетімділікпен қамтамасыз ету жөнінде міндеттеме алды. Бұдан басқа, жыл сайын қазақстандық компаниялардың қатысуымен - роадшоулар, форумдар мен іскерлік миссияларды қоса алғанда - қытай тарапынан қаржылық қолдау көрсету мүмкіндігімен бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру көзделген. Тағы бір жекелеген бағыт - Қазақстандағы жиырма басым жасыл жобаны жүйелі бағалау және сүйемелдеу: сарапшылар жұмыс жоспарларын әзірлеуге қатысады және технологияларды жергілікті нарықтың шарттары мен талаптарына бейімдеу бойынша ұсынымдар береді.

ХЖТИЖО Басқарма Төрағасының м.а. Сәкен Қалқаманов қол қойылған құжаттың стратегиялық маңыздылығын атап өтті:

«Қазақстан жасыл технологиялар саласындағы жаһандық көшбасшылардың бірінің тәжірибесі мен шешімдерін тікелей қолдана алады. Бұл экологиялық инновацияларды жедел енгізу, инвестициялар тарту және технологиялық әріптестікті дамыту үшін берік негіз жасайды. Біз мұны еліміз үшін тұрақты болашақты ілгерілетудің стратегиялық құралы ретінде қарастырамыз».

Екі тарап қол қойылған келісімнің «Бір белдеу, бір жол» сияқты жаһандық бастамалар аясындағы екіжақты өзара іс-қимылды күшейтіп қана қоймай, білім алмасу, жаңа нарықтар ашу және бірлескен жобаларды іске қосу арқылы Қазақстанның халықаралық жасыл күн тәртібіне кірігуінің практикалық құралына айналатынына сенім білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив