Cемей35°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
521.57 601.01 6.65

Шекарашылар марафонда топ жарды

Бүгін, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласында өткен «Адал жол – таза жүрек» марафонына шекарашылар белсене қатысты

Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында Семей қаласында «Адал жол – таза жүрек» және «MARATHON-1424» атты бұқаралық марафон өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттап, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Абай халықаралық әуежайы аумағынан бастау алған марафонға қаладағы түрлі мемлекеттік мекемелерден 150-ге жуық қызметкер қатысты. Қатысушылар 5 және 10 шақырым қашықтыққа жүгірді.

Аталған марафонға ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментіне қарасты әскери қызметшілер де белсенді түрде қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Шекарашылардың намысын қорғаған әскери қызметшілер жоғары нәтижелер көрсетіп, марапаттарға ие болды. Олардың бірқатарына дипломдар мен медальдар табыс етілді.

Марафонның ашылу салтанатында Абай облысының әкімі Берік Уәли сөз сөйлеп, мұндай спорттық бастамалар тәртіп пен командалық рухты нығайтуға сеп болатынын атап өтті.

Айта кетейік, белгіленген уақытта мәреге жеткен 30 қатысушыға естелік медальдар тапсырылды. Шекарашылардың бұл бастамасы – олардың тек шекара шебінде ғана емес, қоғам өмірінде де белсенді азамат екендігінің жарқын көрінісі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив