Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Жасанды интеллект іске қосылды: Сенаторларға заңнаманы жаңғыртуға арналған цифрлық шешімдер көрсетілді

27-06-2025, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қызметін цифрлық трансформациялау ісі қарқынды жүріп жатыр.

Осы салаға жүргізілген талдау нәтижесі бірқатар шет елдерде заңнама саласын цифрландыру биліктің жоғары өкілді органдарының бизнес үдерісін түбегейлі өзгертетін және жетілдіретін негізгі үлгіге айналғанын көрсетіп отыр.

Осыған байланысты соңғы жылдары Парламент, атап айтқанда Сенат бизнес процесті автоматтандыру және цифрлық технологияны енгізу шараларын белсенді түрде жүзеге асырған болатын. Бүгін Сенат депутаттарына осы жұмыс аясында «Қазақтелеком» АҚ қолдауымен әзірленген жасанды интеллект базасындағы жаңа IT-шешімдер таныстырылды.

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусиннің айтуынша, бұл IT-өнімдер депутаттардың конституциялық өкілеттігінің ерекшелігі мен заңнамалық процестің барысын ескере отырып жасалған. Олар интеллектуалдық құқықтық сараптама жүргізуге, ауқымды деректер көлемін өңдеуге, маңызды талдау материалдарын ұсынуға, сондай-ақ ақпараттың дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді. Сенат депутаттары мен Аппаратының қызметкерлері шешімдерді жазғы маусым ішінде сынақтан өткізетін болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив