Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
473.59 544.68 5.94

Қазақстан Қорғаныс министрі ШЫҰ кеңесіне қатысты

27-06-2025, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Қытайдың Циндао қаласында қабылдаушы тараптың төрағалығымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлерінің кеңесі өтті.

Отырыста қорғаныс ведомстволарының басшылары жаһандық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасып, қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.

Сонымен бірге Қазақстан Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың Ресей, Қытай, Үндістан, Пәкістан қорғаныс ведомстволарының басшыларымен және ШЫҰ Бас хатшысымен екіжақты кездесулері өтті.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдері қорғаныс ведомстволары басшыларының келесі кездесуі 2026 жылы Қырғызстанда өтеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив