Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
520.39 609.58 6.63

Активтерді қайтару: Зерендіде балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ашылды

Кеше, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде Ақмола облысының Зеренді ауылында балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі ашылды.

Нысан елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер қаражаты есебінен салынған. Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан 2,1 млрд теңге бөлді.

Ауданы 6 мың шаршы метрден асатын спорт мектебі ауысымда 90-ға дейін балалар мен жасөспірімдерді қабылдай алады.

Мекеме аумағында шаңғы жарысы, күрес және бокс секциялары ашылды, бұл жастарға өздерін қызықтыратын спорт түрін таңдауға және өз дағдыларын дамытуға қосымша мүмкіндіктер туғызады. Заманауи жабдықтар мен кең залдар жаттығу жасауға ыңғайлы жағдай жасайды.

Спорт мектебінің салтанатты ашылуына ҚР Бас прокуроры Берік Асылов пен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысты.

Айта кетейік, бұған дейін өңірде қайтарылған активтер қаражатына Алтынды, Арнасай, Жаңаесіл және Шалқар ауылдарында 4 медициналық мекеме салынып, пайдалануға берілген болатын.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив