Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
520.39 609.58 6.63

Сәкен Қаныбеков ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды

Кеше, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Сәкен Әсембекұлы Қаныбеков Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлады.

Еңбек жолын 1992 жылы Алматы облысы Талғар ауданы Мичурин атындағы колхоз мүшесі, бригадир көмекшісі, бас агроном орынбасары болып бастаған.

1992–1995 жылдары — «Бақтілеу» фирмасында халық тұтынатын тауарларды сату цехының бастығы, директор орынбасары, Алматы қаласы.

1995–2000 жылдары — «Заман» ЖШС директор орынбасары, Алматы қаласы.

2000–2006 жылдары Шымкент қаласындағы «НИМЭКС корпорациясы» ЖШС-да түрлі лауазымды қызметтер атқарды.

2006–2009 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының әкімі

2009–2010 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру-аумақтық және мемлекеттік бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы

2010–2016 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

2016–2021 жылдары — ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымындағы депутаты

2021–2022 жылдары — «Оңтүстік-Батыс мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС басқарма төрағасы

2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы, ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары болып еңбек етті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив