Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
520.39 609.58 6.63

Қазақстан мен Испания ауыл шаруашылығы саласындағы әріптестікті жандандырады

Кеше, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Испания Сенатының Сыртқы істер жөніндегі комитетінің төрағасы Хосе Игнасио Ландалусе Кальехамен кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында тараптар агроөнеркәсіптік кешен саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Әсіресе, өзара тауар айналымын ұлғайту, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы озық тәжірибе мен технологиялармен алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Испания делегациясы Қазақстан нарығына ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын кеңейтуге қызығушылық білдірді. Осы мақсатта қазақстандық құзыретті органдар тарапынан өнімнің ҚР-дың ветеринарлық және фитосанитарлық талаптарына сәйкестігін тексеру бастамасы көтерілді.

«Қолданыстағы рәсімдер аясында қажетті қолдау көрсетуге дайынбыз. Қазақстан шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты кеңейтуге, соның ішінде АӨК-ке инвестициялар тарту мен заманауи технологияларды енгізуге ашық», — деді Ермек Кенжеханұлы.

Тараптар тұрақты және өзара тиімді әріптестікті дамытуға мүдделі екендерін растады және аграрлық саладағы Қазақстан мен Испания арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған нақты қадамдарды айқындады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив