Мақаншы ауылында 5 қабатты қонақ үй кешенінің құрылысы басталды
Мақаншы ауданында 5 қабатты заманауи қонақүй кешені салынады. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли ауданға жұмыс сапары барысында Мақаншы ауылында бой көтеретін алғашқы қонақ үйдің құрылыс алаңына барып, нысанның іргетасын қалау рәсіміне қатысты.
Жалпы аумағы 2 гектар болатын бұл заманауи кешенде мейрамхана, түрлі стандарттағы 108 бөлме, кең холл-вестибюль және мәжіліс залдары, әртүрлі сауықтыру орталықтары қарастырылған. Қонақ үй іскерлік кездесулер, семинарлар мен іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді. Ең бастысы, 100-ге тарта тұрақты жұмыс орны ашылады. Жобаның жалпы құны – 1,5 млрд теңге. Құрылысты аяқтау келер жылдың II тоқсанына жоспарланған.
Қонақ үй кешенінің іргетасын қалау рәсімінде сөз сөйлеген облыс әкімі жаңа нысанның салынуы өңірде туризмнің дамуына тың серпін беретінін атап өтті.