Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
520.39 609.58 6.63

БАҚ күні: ақпарат қызметкерлері марапатталды

28-06-2025, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласы әкімдігінде Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Ерекше форматта ұйымдастырылған бұл кездесуге қала әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев қатысты.

Мерекелік жиын барысында қаланың медиа кеңістігінде қажырлы еңбек етіп жүрген ақпарат саласының мамандарына құрмет көрсетіліп, олардың ел игілігі жолындағы еңбектері ерекше атап өтілді.

Сөз алған Қуаныш Әбілдаев қаладағы бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі мен тарихи маңызына арнайы тоқталды.

«Бүгінде Алаштың астанасының медиа кеңістігінде 40-тан астам бұқаралық ақпарат құралы жұмыс жасайды. Қаланың баспасөз тарихында «Семей таңы» газетінің алар орны ерекше. Тамыры тереңде жатқан бұл басылым – 1917-1918 жылдары шыққан «Сарыарқа» газетінің жалғасы. Бүгінде екі тілде – «Семей таңы» және «Вести Семей» атауымен жарық көріп келеді. Бұл басылым Семей журналистерінің ұстаханасына айнала білді. Семей телеарнасының тарихы – өз алдына бір шежіре. Биыл бұл арнаның құрылғанына 60 жыл толып отыр. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы телеарна аймақтың басты ақпарат көзі болып келеді. Арна ұжымы жаңа дәуірдің талаптарына бейімделіп, сапалы контент жасау арқылы көрермен сенімінен шығып жүр. Ал ТВК-6 телеарнасы – 90-жылдардың басында құрылған, алғашқы тәуелсіз ақпарат құралымыздың бірі. Бүгінде бұл медиақұрылым тек телеарнамен шектелмей, екі бірдей газет шығарып отыр. Ақпарат таратуда кешенді, көп форматты тәсілді ұстанған ТВК-6 – өңірлік медианарықтағы ерекше орынға ие», – деді Семей қаласы әкімінің орынбасары.

Салтанатты жиын барысында бірқатар БАҚ өкілдері Семей қаласы әкімінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ, қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етіліп, көңіл күйді көтерген ән шашу мен өнерпаздардың тартуы кештің көркін аша түсті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив