Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Қала әкімінің міндетін атқарушы депутаттармен кездесті

9-07-2025, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев қалалық мәслихат депутаттарымен ашық диалог форматында кездесу өткізді. Жиынның басты мақсаты – тұрғындардың өзекті мәселелерін дер кезінде шешу, қаланы бірге көркейту жолдарын талқылау.

Кездесу барысында Бекжан Бапышев қала әкімдігінің алдағы кезеңге арналған негізгі жоспарлары мен басым бағыттарын таныстырып, әр бастаманың түпкі мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру, өмір сүру сапасын жақсарту екенін атап өтті.

«Мәслихат депутаттарын халықтың өзі сайлап, сенім артты. Сондықтан сіздер әрқашан тұрғындарымыздың мұң-мұқтажын, ұсынысын билікке жеткізуші алтын көпір іспеттісіздер. Сіздермен бірлесе отырып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін тың жобаларды жүзеге асыруға дайынмын. Ашық диалог пен нақты нәтижеге негізделген жұмысты бірге жалғастырамыз», – деді Бекжан Бапышев.

Жиын кезінде депутаттар өз округтеріндегі түйткілді мәселелерді ортаға салып, ұсыныстарын айтты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив