Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Ақын тойына дайындық ойдағыдай

10-07-2025, 14:22 Сәтжан Қасымжанұлы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлтымыздың әлемдік деңгейдегі ұлы тұлғасы Абай Құнанбайұлының есімін әрдайым қастерлеп, рухани мұрасын дәріптеуге ұдайы назар аударып отырғаны белгілі. Сол тұрғыда Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойын туған елінде жоғары деңгейде өткізу қажеттігін атап көрсеткен еді. Осы тұрғыда Абай облысының әкімі Берік Уәлидің тікелей көңіл бөлуімен «Абайға құрмет» акциясы аясында облыс орталығында тың бастамалар жүзеге асып, семейліктердің ертеңге сенімі күшейе бастады десек, қателеспесіміз анық. Сонымен қатар Абай Құнанбайұлының алдағы мерейтойына дайындық барысы Абай ауданында да қарқынды жүргізіліп жатыр. «Тас түскен жеріне ауыр» дегендей, ұлтымыздың ұлы тұлғасының есімі берілген аудан үшін дайындық жауапкершілігінің жүгі зор. Аудан әкімі Мейіржан Смағұловтың күнделікті қадағалуымен жол қатынасын жақсартуға, көшелерді көріктендіруге, интернет желісін тарту жұмыстарына баса назар аударылғаны қуантады.

Интернет игілігін көрер күн алыс емес

Ең алдымен айтар жайт, ауданда заман талабына сай интернет желісін құру, аясын кеңейту толықтай жүзеге аса бастады. 

Қазіргі күнде жер аумағы Кеңгірбай би ауылдық округіне қарасты Жидебай қорық-кешенінің аумағында антенналық діңгек құрылысы және электр желісін тарту жұмысы (жалпы құны 39 305 000 теңге) жүріп жатыр. «СТИК Star» ЖШС қолған жұмыс барысында бүгінге дейін электр желілерінің бағаналары мен КТПН орнату және қазба (котлован) жұмыстары атқарылған. Сонымен қатар, мердігер мекемеге қарасты құрылыс базасында қоршау, іргетас (фундамент) және антенна-діңгек құрылғысының конструкцияларын дайындау жұмыстары қатар жүргізілуде. Ауқымды жұмыстың аяқталу мерзімі тамыз айына жоспарланған.

Сонымен қатар аталған  мердігер компания ұлы Абайдың кіндік қаны тамған Қасқабұлақ ауылдық округінің Бөрілі елдімекенінде де антенналық діңгек және электр желісін тартуға жұмыла кіріскен.

Бұған 87 386,8 мың теңге қарастырылған. Ел игілігіне беру мерзімі қыркүйек айына белгіленген.

«Ауыл – ел бесігі» аясындағы жұмыстар да қарқынды

Өңірлердегі елдімекендерді дамыту мақсатында қолға алынған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының аясындағы жұмыстар да ойдағыдай орындалуда. Аудан орталығы Қарауыл ауылындағы Шәкерім көшесінің жолын және Әуезов көшесінің жолын орташа жөндеуден өткізуді міндетіне алған «Дерикар» асфальт жаю жұмыстарын толықтай аяқтаған жайы бар. Осындай іргелі істердің қатарында аудандық Мәдениет үйінің  ғимаратына ағымдағы жөндеу  жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталғаны да атап өтер жайт. Қарауыл ауылындағы орталық алаңды көркейтуге де кеңінен көңіл бөлініп, жұмыстың орындалу барысы аудан басшылығының қадағалауында атқарылып жатыр.

Тоқ етерін айтқанда, «келгенше қонақ, келген соң үй иесі ұялады» дегендей ертеден «ұлылар мекені» атанған өңірде алыс-жақыннан келетін мәртебелі меймандардың ойынан шығу аудан басшылығы үшін басты парыз саналады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив