Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Бауыржан Рапиков ҚР туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды

Бүгін, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бауыржан Серікбайұлы Рапиков туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлады.

1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, «Тұран-Астана» университетін бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы «Алпроф» ЖШС-де программист болып бастады, Алматы қ.

2009–2012 жылдары – «Казгидромет» РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің жетекші инженері, басқарма бастығы, директоры.

2012–2013 жылдары – «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК «Мемжеркадастр ААЖ» жетекші маманы, басқарма бастығы.

2013–2015 жылдары – коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеді.

2015–2016 жылдары – Қарағанды облысы әкімі аппаратының жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы.

2017–2018 жылдары – «Самұрык-Қазына» корпоративтік университетінің IT жөніндегі бас менеджері.

2018–2020 жылдары – «Қазгидромет» РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры.

2020–2022 жылдары – Ақмола облысы әкімі аппаратының жанындағы Smаrt Aqmola КММ басшысы.

2022–2024 жылдары – Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы.

2024 жылғы сәуірден бастап соңғы тағайындауға дейін ҚР Туризм және спорт министрлігі Цифрлық трансформация және мемлекеттік қызметтерді дамыту департаментінің директоры.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив