Бекжан Бапышев кезекті рет азаматтарды қабылдады
Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев кезекті жеке қабылдауын өткізді. Қабылдау барысында тұрғындар баспана, қоғамдық көлік, жылумен қамту, жол-көлік қозғалысы, жатақхана мәселесі, абаттандыру және жеке кәсіпкерлікке қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.
Кездесуге кәсіпкерлер де келіп, қала дамуына қатысты өздерінің жаңа идеялары мен ұсыныстарын ортаға салды. Бекжан Бапышев әрбір тұрғынның өтініші мен ұсынысы назардан тыс қалмайтынын айтып, қала әкімдігі халықпен тығыз әрі тұрақты байланыс орнатуға мүдделі екенін атап өтті.
«Тұрғындардың өтінішіне бейжай қарауға хақымыз жоқ. Әрбір мәселе – шынайы өмірдің көрінісі. Сондықтан ашық диалог пен нақты іс – біздің басты қағидатымыз», – деді Бекжан Бапышев.
Қабылдау нәтижесінде көтерілген мәселелер бойынша жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар берілді.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»