Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
455.86 528.84 5.25

ҚР Үкіметі «жетілген» мұнай кен орындарының одан әрі игерілуін қолдайды

8-04-2023, 14:35 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Энергетикалық кеңестің отырысында «жетілген» мұнай кен орындарын одан әрі игеру жөніндегі шаралар қаралды.

Атап айтқанда, өндіріске тартылған инвестициялар көлемін ұлғайту және кен орындарының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту, салық салу, жұмыспен қамту, экологиялық талаптарды сақтау және басқа да бірқатар мәселе талқыланды.

Премьер-Министр «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен уәкілетті мемлекеттік органдар ұсынған кен орындарындағы тұрақты өндіру деңгейін және мемлекеттік бюджетке түсімдердің ұлғаюын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тәсілдерді қолдады.

Сонымен қатар отырыста «Теңізшевройл» ЖШС жұмысының өзекті мәселелері қаралды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив