ТЖМ құтқарушылары су айдындарында патрульдеуді күшейтті

ТЖМ жазғы кезеңде су айдындарының маңында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешенін іске асыруды жалғастыруда. Еліміздің түрлі өңірлерінде құтқарушылар көлік бақылау инспекциясының, полицияның, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен және волонтерлермен бірлесіп ауқымды рейдтік іс-шаралар өткізуде.
Қапшағай су қоймасының акваториясында Алматы облысының ТЖД басшылығының, Көлік бақылау инспекциясының, Қонаев қаласы әкімдігінің, полиция мен прокуратураның қатысуымен ведомствоаралық рейд өтті. Патрульдеу барысында судағы қауіпсіздік ережелерін бұзудың 8 оқиғасы анықталды – адамдар құтқару құралдарынсыз шағын көлемді кемелерге мінген. Бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы («су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу») бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды.
Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасы ауданында кең ауқымды рейд жүргізілді. Шағын көлемді кемелерді пайдалану кезінде және рұқсат етілмеген жерлерде шомылу кезінде қауіпсіздік нормаларын бұзған 35 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мониторинг көрсеткендей, демалушылар құтқару кеудешелерін жиі елемейді және шомылу үшін «жабайы жағажайларды» таңдайды, бұл қауіп-қатерлерді айтарлықтай арттырады.
Таразда ТЖ басқармасының қызметкерлері полициямен бірлесіп күн сайын профилактикалық іс-шаралар өткізуде. Рейдтер барысында тыйым салынған жерлерде шомылу жағдайлары анықталды, ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды. Сонымен қатар ата-ананың міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша айыппұл салынды.
Патрульдеуді күшейту үшін қазіргі заманғы су құралдары мен ұшқышсыз ұшу аппараттары белсенді қолданылады, бұл бұзушылықтарды жедел анықтауға және ықтимал төтенше жағдайларға ден қоюға мүмкіндік береді.
ТЖМ еске салады: судағы жүріс-тұрыс қағидаларын сақтау - бұл сіздің өміріңіз бен денсаулығыңызды сақтауға мүмкіндік беретін шара. Құтқару кеудешелерін пайдалану, жабдықталмаған жерлерде шомылудан аулақ болу, құтқарушылардың барлық талаптарын қатаң сақтау қажет.
Рейдтік іс-шаралар тұрақты негізде жалғастырылатын болады. ТЖМ барлық азаматтарды жауапкершілікті көрсетуге және суда қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін сақтауға шақырады.