Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Семейде BINOM мектептер желісін салу мәселесі талқыланды

Кеше, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли BINOM мектептер желісінің басқарушы директоры Шолпан Қадыровамен кездесіп, білім беру саласындағы ынтымақтастық пен Семей қаласында жаңа мектеп салу мәселесін талқылады.

Шолпан Қадырова Абай облысында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде BINOM мектебін салу туралы ұсыныс білдірді. Облыс әкімі бастаманы қолдайтынын айтып, өңірге заманауи мектептердің қажет екенін атап өтті.

«Қазіргі таңда облысымызда дарынды балаларға арналған бірде-бір мектеп жоқ. Соған қарамастан оқушыларымыз халықаралық және республикалық олимпиадалар мен байқауларда жоғары нәтиже көрсетіп жүр. Балаларымыздың әлеуеті өте жоғары. Семей қаласында BINOM мектептер желісі ашылатын болса, ата-аналар өз баласын үлкен сеніммен береді деп ойлаймыз. Ұсыныстарыңызды қолдаймыз»,- деді аймақ басшысы.

Еліміз бойынша BINOM мектептер желісінің 8 мектебі жұмыс істейді. Онда 32 мыңға жуық оқушы білім алады. 1800-ден астам мұғалім бар.

BINOM мектептер желісі халықаралық стандарттарға сай жабдықталған. Мұнда жаратылыстану-математикалық бағытқа басымдық беріледі. Сондай-ақ, STEM, жобалық оқыту сынды инновациялық әдістер қолданылады. Оқу үдерісі цифрлық технологиялармен жабдықталып, интерактивті тақталар мен онлайн платформалар арқылы жүргізіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив