Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Қаланың сол жағалауын дамытуға көңіл бөлінеді

Кеше, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының әкімі Берік Уәли қаланы аралау барысында сол жағалаудағы бұрынғы «Пищевик» стадионының аумағын аралап, осында салынатын жаңа спорт нысандарының жобасымен танысты.

Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай Мемлекет басшысының қолдауымен басталған «Абайға құрмет» акциясы аясында Ақтөбе облысы Абай облысына Жекпе-жек сарайын сыйға тартпақ. Аймақ басшысы ғимараттың «Заря» шағын ауданында салынатынын айтты. Қалада бұрын-соңды болмаған Мұз сарайы да осы ауданда бой көтермек.

Жекпе-жек сарайы үш қабатты болады. Кешен бокс, күрес, дзюдо және өзге де спорт түрлері бойынша жарыстар өткізуге мүмкіндік бермек.

Облыс әкімі Семей қаласындағы құрылыстардың бас жоспарға сәйкес жүргізілетінін, шаһардың сол жағалауын дамытуға ерекше мән берілетінін атап өтті.

«Қаланың сол жағалауын да қарқынды дамытатын боламыз. Өйткені, бұл аумақта халық көп тұрады. Сондықтан бірнеше маңызды нысандар салу жоспарланып отыр. Бұрынғы стадион орналасқан жерге Жекпе-жек сарайы мен Мұз сарайын салмақ ойымыз бар. Жер көлемі бұл екі нысанды қатар орналастыруға жеткілікті. Тұрғындар үшін өте қолайлы болады. Мұндай инфрақұрылым бұқаралық спорттың дамуына да тың серпін береді»,- деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі сол жағалаудағы «Заря» шағын ауданындағы құрылыс салынатын аумақта да болды.

Семей қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығару мақсатында жер телімдері белгіленген. Аймақ басшысы ықшам аудандағы үйлерді сүру жұмыстары бас жоспарға сәйкес жүзеге асырылатынын атап өтті.

«Бос тұрған үйлерді қоқыс орнына айналдырмай тазалап, ретке келтіру керек. Болашақта Молдағалиев көшесіндегі жолдың жолақтарын кеңейту қажет. Халық арасында «Сатып алынған үйлердің орны дұрыс мақсатта пайдаланылмай жатыр» деген пікірлер айтылып жатыр екен. Бұл – жаңсақ пікір. Әуелде жоспарланғандай сол жағалауда спорт нысандары, үлкен ғимараттар бой көтеретін болады»,- деді Берік Уәли.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив