Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Қазақстан мен Еуропалық одақ стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға бағытталған

24-07-2025, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Еуропалық одақтың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Алешка Симкичпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар қазақ-еуропалық өзара іс-қимылдың ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын қарастырып, стратегиялық маңызды бағыттардағы өңірлік ынтымақтастық мәселелерін қозғады, сондай-ақ алдағы сапарлар мен бірлескен іс-шаралар кестесін келісті.

Биыл өтетін екіжақты және өңірлік іс‑шараларға дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Министрдің орынбасары ү.ж. сәуір айында Самарқанд қаласында өткен «Орталық Азия – Еуропалық одақ» саммиті барысында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде А.Симкич Еуропалық одақтың тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге, өзара көлік байланысын нығайтуға және «жасыл» энергетиканы дамытуға бағытталған екіжақты және өңірлік жобалары туралы мәлімдеді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты өзара іс‑қимыл мәселелері бойынша тұрақты диалогты жалғастыруға дайын екенін растады.

Еуропалық одақ – Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық әріптесі. 2024 жылы тауар айналымы 48,7 млрд АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,9%-ға артты (ҚР экспорты – 38,1 млрд доллар, ҚР импорты – 10,6 млрд доллар). 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына тартылған еуропалық инвестициялар көлемі 200 млрд доллардан асты. Қазақстанда еуропалық қатысуы бар 3000-нан астам компания жұмыс істейді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив