Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Астанада аумақтық қорғаныс жүйесін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды

9-04-2023, 12:19 Думан Кенжеғазыұлы

Ұлттық қорғаныс университеті базасында әкімдердің әскери қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшілерінің және жаңадан тағайындалған аумақтық қорғаныс құрамалары командирлерінің қатысуымен біліктілікті арттыруға арналған он күндік курстары өткізілді.

Іс-шараға қатысушылар үшін әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету, аумақтық қорғанысты ұйымдастыру, жұмылдыру дайындығы мәселелері бойынша сабақтар өткізілді. Мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы жүйесін интеграциялау шеңберінде аумақтық қорғаныс жүйесін дамытудың негізгі бағыттары мен перспективалары түсіндірілді.

Қорғаныс министрлігінде курстық дайындық шеңберінде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайыновтың басшылығымен әкімдердің көмекшілері мен аумақтық қорғаныс құрамалары командирлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Талқылау барысында өңірлердің аумақтық қорғанысын дамыту бойынша өзекті мәселелер қаралып, аумақтық қорғаныс құрамаларын жеке құраммен сапалы жасақтау, оларды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және материалдық құрал қорын құру бойынша нақты міндеттер қойылды.

- Қазіргі заманғы әскери қақтығыстарды талдау аумақтық қорғаныс күштерінің халықты қорғаудағы рөлінің артып келе жатқанын көрсетеді. Бүгінде ұлттық қауіпсіздіктің заманауи сын-тегеуріндері мен қатерлеріне жауап беретін аумақтық қорғаныстың пәрменді жүйесін ұйымдастыру ең күрделі міндеттердің бірі болып табылады. Сондықтан аумақтық қорғаныс жүйесін жетілдіру мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы стратегиялық бағдарламалық құжаттарда өзектендірілді, - деп атап өтті генерал-лейтенант Марат Құсайынов.

Дөңгелек үстел барысында аумақтық қорғанысты ұйымдастыруға қатысты заңнаманы және басшылық құжаттарды жетілдіру мәселелері талқыланды. Іс-шара соңында тыңдаушылар кешенді тестілеуден өтіп, біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттар алды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив