Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай-33°С
  • Аягөз-39°С
  • Ақсуат-33°С
  • Бородулиха-26°С
  • Қалбатау-31°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-33°С
  • Үржар-30°С
441.58 480 4.86

АҚҚОЖА БИ

Аққожа би Қалыбайұлы 1775 жылы Аягөз өңірінде дүниеге келген. Қара керейдің бір табы – Сыбан елінің сөз ұстаған биі. Ақтайлақтан кейін әділ билігімен Найман, Керей, Арғын елдеріне аты мәлім болған. Әсіресе, көршілес Тобықты, Керей, Семіз, Найман балалары билігіне риза болған. Шыншыл, турашылдығымен танылған. Ол алғаш 13 жасында билікке араласып, атақты Кеңгірбай биден бата алған. «Ақтайлақ би зеректігі үшін жас Аққожаны бағалап, 17 жасында би етіп сайлапты»,- деген сөз бар. «Ағайын берекесі – қазақтың мерекесі», «Сырттан келген жаудан, іштен туған дау жаман», «Ата дәстүрін сыйламау - тегіңді танымау»,- деген сияқты нақылға айналған қанатты сөздер, түйінді шешендік үлгілер Аққожа биден қалған деген де бар. 

Аққожа би қазіргі Сыбан, Керей, Тобықты, Семіз, Найман орналасқан жерлердің көбін нақтылауға зор үлес қосқан, ел ішіндегі жер дауы мен жесір дауын әділ шешіп, талай жанжалды басқан. Оның еңбегін замандасы Дулат ақын, кейіннен Әріп ақын көпшілікке үлгі етіп мадақтаған. Ақтайлақ би жасы келгенде Аққожа биді қасына жақын ұстап, жайлауда қатар қонып жүретін болған екен.

Аққожа би 1850 жылы қазіргі Сарыарқа жерінде, Ақтайлақ бидің мекеніне таяу қоныста көз жұмған. Кесенесі сол жерде.

Аягөз елінің даңқты билерінің бірі Аққожа би Қалыбайұлы жөніндегі мәлімет халық арасында көп таралмаған-ды. Әйткенмен көзі ашық, көкірегі ояу қазақ зиялылары оның қасиеттері мен қадірін ұрпақтан-ұрпаққа айтып, өсиет еткенді. Оның ұрпағының бірі Шайхан Асаубайұлы да заманында барынша салиқалы өмір сүріп, зиялы да саналы ұл-қыз өсірген абзал азамат болған.

Аққожа бидің бүгінгі ұрпақтарын мақтаныш етеді. Олардың арасынан шыққан ғалым-меценант, академик, ірі кәсіпкер Қанат Шайханұлы Асаубаев Лондонның қор биржасындағы «Қазақ алтын» компаниясы тобының Директорлар Кеңесінің Төрағасы. 

2013 жылы Аққожа би әулетінің ұрпақтарының өкілдері Аягөзге келіп, Аққожа би мен Шайхан көшелерінің басына мәрмәр тастан арнайы тақталар орнатты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив