Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
509.51 570.6 6.3

Кеңгірбай би мазары

Кеңгірбай Жандосұлы (1735-1825 жж.) Тобықты ішіндегі Жігітек руынан тарайды. Атақты би, ру басы. Оңтүстік Қазақстандағы Кеңгір өзенінің бойында дүниеге келген. Кеңгірбай 1825 жылы 90 жасында өмірден өткен. Бейітін Құнанбай Өскенбайұлы тұрғызған. Ескерткіш XIX ғасырдың бірінші жартысының ортасында салынған.Кеңгірбай би мазары Жидебай қорығындағы шидің бойында Самалтөбе аталатын биік төбе басында шоқақ етіліп, кірпіштен қаланған. Сыртқы жағы 1993 жылы Маңғыстаудың ақтасынан қапталып, өңделген. Ескерткіштің жалпы биіктігі 9,5 метр.

Мазар басында шырақшы үйі, мешіт, қонақ үй, асхана нысандары келуші туристерге қызмет етеді.


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив