Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

Ақшоқы

Семей-Қарауыл тас жолының бойында Арқалық кезеңінен өтіп, оңға бұрылғанда21 шақырымдай жерде Құнанбай әулетінің ата қонысы болған Ақшоқы елді мекені бар.

Дала данышпаны Құнанбай мен оның әулеті жерленген Ақшоқының қазақ тарихында алар орны бөлек. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеу қарсаңында Құнанбай және оның әулеті жерленген қорым аумағы кеңейтіліп, толығымен абаттандырылды. Зират ішіндегі тозығы жеткен белгі тастар жаңартылды. Алаңға заманауи төсеніштер жайылып, келушілерге қолайлы жағдай тудыру мақсатында панажайлар қойылды. Қоршау ішіне ұлы Абайдың әкесіне арнаған сөздері жазылып, гүлзарлар отырғызылды.

Аға сұлтан Құнанбай қажыға арнап, оның өмірі мен қайраткерлік қызметін дәріптейтін Құнанбай музейі салынды. Музей іші заман талабына сай жабдықталған: конференция залы, экспозициялық залы, музей меңгерушісінің бөлмесі, 2 қонақ бөлмесі, намазхана, асхана және санитарлық торап бөлмелерімен жасақталған. Музейдің экспозициялық залына ұлылар мекенінің тарихынан, өнер мәдениетінен, тұрмыс-салтынан көрініс беретін құнды жәдігерлер, бағалы бұйымдар, тұрмыстық заттар т.б.  қойылған. 

Музейге келушілер ұлылар мекенінің тарихына, мәдениетіне, тұрмыс-салтына қанығып, ондағы қойылған құнды жәдігерлермен танысып, рухани азық алып қайтады.


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив