Сырт Қасқабұлақ
Семей-Қарауыл тас жолынан екі шақырым мөлшерде күн батысқа қарай бұрылыста Абай туған Сырт Қасқабұлақ алыстан жарқырап көрінеді.
Осы бұлақ басында 1845 жылы 10 тамызда Құнанбай ауылында Абай (Ибраһим) дүниеге келген.
Бұл жерге тек қана белгі қойылып, ұзақ жылдар ескерусіз, қараусыз қалған еді.Ұлы ақынның кіндік қаны тамған жер 2019 жылы Абай аудандық Мәдениет үйінің балансына алынып, Абай тойы аясында Сырт Қасқабұлаққа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Абай су ішкен бұлақтың басы толығымен абаттандырылды.
Абайдың домбырасының пішінінде заман талабына сай жасалған нысан басында ақынның 45 қара сөзі үш тілде жазылған мәрмәр тастар қойылды.«Туғанда дүние есігін ашады өлең» атты стелла бой көтерді. Шырша, шынар ағаштары отырғызылып, абаттандырылды.Келуші туристерге қолайлы болу үшін басына орындықтар қойылып, жарық шамдары орнатылып, туризмді дамыту мақсатында жұмыстар жүргізілді.
Сырт Қасқабұлақ келушілерге демалыс сыйлайтын, туған жердің қасиетін, өлеңнің рухын сезіндіретін мәдени нысандардың бірі.