Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде биылғы жылдың бірінші жарты жылдығындағы жұмыс қорытындылары талқыланды

28 шілдеде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Агенттік Төрағасы Дархан Жазықбайдың төрағалығымен кеңейтілген аппараттық жиналыс өтті. Жиынға Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің және аумақтық департаменттерінің басшылары қатысты.
Жиналыста 2025 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша мемлекеттік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру, сондай-ақ HR-процестерді цифрландыру мәселелері бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындылары қаралды.
Агенттік Төрағасы Дархан Жазықбай Мемлекет басшысы айқындаған мемлекеттік қызметті жаңғырту жөніндегі міндеттерді сервистік және адамға бағдарланған қағидаттар негізінде одан әрі жалғастыру қажет екенін атап өтті.
Сонымен қатар, жиында Агенттіктің сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған стратегиялық міндеттерін сапалы іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды.
Кеңейтілген аппараттық жиналыс қорытындысы бойынша Дархан Жазықбай Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің басшыларына халықтың мемлекеттік аппаратқа деген сенімін арттыруға бағытталған жұмыстарды жүргізуді, енгізілген заманауи HR-құралдар мен цифрлық шешімдерді белсенді пайдалануды, сондай-ақ мемлекеттік қызметке дарынды жастарды тарту жөніндегі қызметтің тиімділігін арттыруды тапсырды.