Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.9 593.5 6.39

Алматыда жыл басынан бері 248 шетелдік елден шығарылды

9-04-2023, 14:21 Думан Кенжеғазыұлы

Алматы қалалық ПД көші-қон қызметінің мәліметінше, биылғы жылдың алғашқы үш айында қалаға 21805 шетел азаматы келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге көп.

– Көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және заңсыз көші-қон арналарын жою бойынша тұрақты негізде жедел алдын алу іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері 6472 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның 1738-і шетел азаматы. Әкімшілік жолмен 248 шетелдік елден шығарылды. ПД-ның қабылдап-тарату бөліміне жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 365 шетел азаматы орналастырылды. Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін пайдалану ережелерін бұзған 47 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ жыл басынан бері заңсыз көші-қонның 11 арнасы анықталды, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив