Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

ҚР ИИДМ басшысының орынбасары Қазақстан-Әзірбайжан үкіметаралық комиссиясының отырысына қатысты

10-04-2023, 08:33 Думан Кенжеғазыұлы

Баку қаласында Қазақстан-Әзербайжан сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының XIX-шы отырысы өткізілді.

Аталған жиынның негізгі арқауы көлік саласындағы өзара тиімді әріптестіктікті дамытуға арналды.Мәселен, Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (ТХКБ) әлеуетін күшейтіп, ынтымақтастықты кеңейту, Әзербайжан  Қазақстан  Әзербайжан, сондай-ақ осы мемлекет арқылы транзитпен Қазақстан  Түркия/Еуропа  Қазақстан бағытында интермодальды теміржол жүк тасымалдарының көлемін ұлғайту жолдары пысықталды.

Тараптар Баку декларациясын, сонымен бірге «2022-2027 жылдары ТХКБ дамыту мен Әзербайжан, Түркияжәне Қазақстан аумағында «тар шеңберлі» жерлердіүйлесімді жоюға арналған» Жол картасын шұғыл іске асыруға мүдделі екендерін әрі оның маңыздылығын атап өтті.

Бұл орайда осы отырыстың жұмысына ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов қатысып, бауырлас елдердің көлік-логистика саласындағы іскерлік байланысының нәтижелері мен перспективалары туралы баяндама жасағанын айта кету керек.

Сонымен қатар ҮАК-ның аясында тең төрағалардың екіжақты кездесуі өтіп, оның барысында транзитті  жүк автотасымалы бағытында рұқсат беру жүйесінің мәселелері, екі елдегі порттардың мүмкіндіктері, сондай-ақ көлік дәліздерін арттыру перспективалары талқыланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив