Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қазақстандағы реформалардың барысы Еуропалық парламенттің мұқият назарында

9-04-2023, 15:06 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Еуропалық парламенттің (ЕП) депутаты, Орталық Азия және Моңғолиямен ынтымақтастық жөніндегі делегациясының мүшесі Карстен Люкемен (Германия) кездесу өткізді.

Тараптар Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы стратегиялық әріптестіктің, атап айтқанда қауіпсіздік, сауда, көлік, энергетика және заң үстемдігі саласындағы ағымдағы жағдай мен перспективаларды талқылап, парламенттік дипломатияның сенім мен өзара түсіністік шараларын нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.

Министрдің орынбасары сұхбаттасын ағымдағы жылғы наурызда өткен парламенттік сайлаудың қорытындылары туралы қысқаша хабардар етіп, олардың ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын жүзеге асырудағы маңызды кезең болғанын атап өтті. Р. Василенко «Әділетті Қазақстан» құрылысы аясындағы әлеуметтік-экономикалық трансформацияның арқасында еуропалық бизнестің елімізге деген қызығушылығы айтарлықтай артқанын жеткізді.

К. Люке еліміздегі саяси реформалардың барысын мұқият қадағалайтынын және Қазақстанның демократиялық дамуы саласында жүргізіліп жатқан жұмысын оң сипаттайтынын атап көрсетті. Еуродепутат: «Еуропа демократияға ұзақ жолдан өтті және әрқашан жетілдіруге орын бар. Біз бұл ұмтылыста бір-бірімізді қолдауымыз керек», – деп атап өтті.

Кездесу соңында тараптар өзара түсіністік пен сындарлы ынтымақтастық рухында диалогты жалғастыруға келісті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив